Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жекке қатысты бір шешімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"The Athletic" журналисі әрі инсайдері Майк Коппинджердің ақпаратына сенсек, Канело қыркүйекте Головкинмен жұдырықтасуға дайын, алайда, бұл үшін "DAZN" платформасынан өтемақы сұрауда екен.
"DAZN" Канело қыркүйекте Головкинмен жұдырықтасу міндетін мойнына алғанын қалайды. Канело қарсы емес, Головкинмен жекпе-жекке келісіп отыр, есесіне өтемақы алғысы келеді.
Естігенім, DAZN-де (анақты Джон Скиппер) Канелоға келіп айтқаны: "Жақсы, алдымен Сондерспен мамырда, кейін GGG-мен қыркүйекте жұдырықтас, осыдан кейін Муратамен желтоқсанда жекпе-жек ұйымдастырып береміз!". Келесі жылы Дубайда жекпе-жек болады. Меніңше, Канело да осыны қалайды", - деді Коппинджер "The Athletic’s Pug and Copp" подкастында.