$ 442.05  474.14  4.74

Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

Біртанов екі азамат Германиядан ұшақпен келгенін жеткізді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Үш айдан бері біраз шаруа атқарылды. Бірақ, өкінішке қарай, бүгін бірнеше тексерістен кейін екі Қазақстан азаматынан коронавирус инфекциясы табылды. Бас санитарлық қаулымен бұл екі пациент карантиндік стационарға жатқызылды", - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде пациенттердің жағдайы жақсы, барлық қажетті процедуралар атқарылып жатыр. 

"Медициналық дәрігерлер дайын, не істеу керектігін біледі. Біз көп қиындықтан өткенбіз. Осы қиындықтан да өтеміз", - деді Біртанов.

Біртанов екі азамат Германиядан ұшақпен келгенін жеткізді.

"Енді, осы ұшақпен келген барлық азамат анықталып, карантинге жатқызылатын болады. Бізде жолаушылардың тізімі бар. 24 сағаттың ішінде олардың барлығы карантиндік стационарға жеткізілуі керек. Ал ұшақтың экипажы - 12 адам карантинге жатқызылды", - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус