Ақтөбеде коронавирус қаупі жоғары елден келген 6 адам анықталды, деп жазады Qamshy.kz.
Оның төртеуі - Қытай, екеуі - Италиядан келген. Бұл туралы Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева бүгін баспасөз мәслихатында айтты.
Беркімбаеваның айтуынша бүгін баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Облысқа 6 адам келіп, дәрігерлер бәрін бақылауға алғанын атап өтті.
"Қытайдан келген төрт адам карантинде болып, вирус анықталмаған соң шығарылды. Ал Италиядан келген 2 адам қазір дәрігерлер бақылауында. Әжесі мен немересі шетелге демалуға барған екен", – деді Нұрсұлу Беркімбаева.