$ 449.58  486.94  4.86

«Пандемия кезеңінде кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуді тоқтатуды сұраймын» - заңгер

Бір қызығы, мұндай заң Италияда енгізілді.
Фото: facebook.com/Жангельды Сулейманов
Фото: facebook.com/Жангельды Сулейманов

Заңгер Жангелді Сүлейменов коронавирустың өршуіне байланысты несиені өтеуді уақытша тоқтату туралы ұсыныс айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өзінің Facebook-парақшасындағы жазбасында коронавирус індетінің етек жаюына байланысты Үкіметтен халыққа тиімді шараларды қабылдауды сұрайды.

"Пандемия - бұл форс-мажор, яғни бәріне өз міндеттерін тиісті түрде орындауға кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш", - деп есептейді заңгер және үкіметтен тиісті шаралар қабылдауды сұрайды.  Атап айтқанда, Сулейманов:

Пандемия кезеңінде кредиттер бойынша пайыздарды есептеуді және негізгі борышты өтеуді тоқтату;

Мерзімі өткен төлемдер бойынша, оның ішінде салықтар бойынша өсімпұл есептеуді тоқтату;

Салықтарды және басқа төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру;

Егер бұл пандемияға, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға байланысты болса, міндеттерді бұзғаны үшін санкцияларды қолданбауды атап өтті.

"Пандемия өтеді, бірақ қазірдің өзінде көптеген компаниялар шығынға ұшырауда, оларға көмектесу керек. Оның үстіне вирус, доллар үшін 400 тг ауыр", - деп жазды ол.

Бір қызығы, мұндай заң Италияда енгізілді. Онда ипотекалық төлемдер тоқтатылды. Ал Польшада ел президенті банктерді азаматтар мен фирмалардың несиелерін өтеуді тоқтатуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус