Ресейде коронавирус инфекциясының таралуымен күрес бойынша жедел штабы бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 11 дерегі анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Соңғы тәулікте Ресейде Федерация азаматтарының коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 дерегі тіркелді: бесеуі - Мәскеуде, біреуі - Мәскеу облысында, үшеуі - Санкт-Петербургте, біреуі - Ленинград облысында, біреуі - Пермь өлкесінде", - делінген хабарламада.
Эпидемиологиялық тергеу мәліметінше, азаматтар соңғы екі аптада коронавирус инфекциясы таралған елдерге барған: Италия, Франция, Австрия. Бір жағдай бұрын ауырғандармен белсенді байланыста болғанымен байланысты.
Азаматтар инфекциялық бокстерге орналастырылған.
Көрші елде жалпы 45 адам инфекция жұқтырған.