Коронавирусқа қарсы күрес барысында Алматыдағы атақты тиінге де маска кигізілді. Бұл туралы өнер туындысының продюсері Майра Измайлова Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл әрекеттерін ол «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 15 наурыздағы қаулысына сәйкес әзірленді» деп түсіндірген.
«Тиін қала тұрғыны ретінде пандемиямен күресуде сізді қолдайды. Маска – жай ғана символ. Ең бастысы, бірлікте болу» деп жазды одан әрі Майра Измайлова.