Коронавирустық пандемияға байланысты Сауда және интеграция министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ұсыныстар жасады, деп жазады zakon.kz.
ҚР Президентінің COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізу туралы жарлығын орындау және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі мыналарды ұсынады:
1. Ірі сауда объектілерінің жұмысын сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін шектей отырып, санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілсін;
сауда орындарының аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары, кез-келген басқа ойын-сауық орындары жабық болуы керек;
азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері және азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып, әдеттегідей жұмысын жалғастыруы керек;
нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді тек қаптамалы түрде сату керек.
2. Санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып, азық-түлік емес базарлардың жұмысы таңертеңгі сағат 11.00-ден кешкі 17.00-ге дейін шектеу қойылсын.
Біз санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі ұсыныстар туралы тағы қосымша хабарлайтын боламыз.