$ 498.34  519.72  4.85

«Карантин – біздің ортақ қауіпсіздігіміз!»: Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

Төтенше жағдайда әрбір қала тұрғынының саналы әрекеті мен қоғамдық тәртібі өте маңызды.
Фото: Almaty.tv
Фото: Almaty.tv

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз түнгі сағат 00:00-ден бастап карантин енгізіледі. Осыған орай, Алматы әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Құрметті алматылықтар, біздің әрқайсымыз үшін аса жауапты сәт туды. Карантин режиміне орай мегаполистің бүкіл тіршілігі жаңа ереженің талаптарына сәйкес қайта құрылады. Карантин қолайсыздық тудырып, әдеттегі қалыптасқан тіршілік дағдысын бұзуға мәжбүр етеді. Бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын!

Карантин – біздің ортақ қауіпсіздігіміз! Қаланың, жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін енгізіледі. Төтенше жағдайда әрбір қала тұрғынының саналы әрекеті мен қоғамдық тәртібі өте маңызды. Біздің ұстамдылығымыз бен ынтымақтастығымыз, өзара жанашырлығымыз бен төтенше жағдай кезіндегі жауапкершілігіміз қаламызды қорғап қалады. Біз бірге жеңеміз!», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Карантин кезіндегі негізгі шаралар:

– мегаполисте өзін-өзі оқшаулау және үй карантині арқылы эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды жүргізу;

– көшелерді, тратуарларды жуу және дезинфекциялау;

– қоғамдық орындар мен тұрғын үйлерде санитарлық-эпидемиялогиялық дезинфекцияны күшейту;

– азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуын шектеу;

– Алматы қаласына кіре берістерге 27 блок бекеттерін орнату.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары