Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресте аянбай тер төгіп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.
Естеріңізде болса, бұған дейін төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан жұмыс істеуге көшу туралы ұсыныс жасалған еді.
"ТЖ режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады", - деп президент әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
Ескерте кетерлік жайт, 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматыда қалаларында карантин режимі енгізіледі.