$ 514.65  544.6  5.17

Бас прокуратура төтенше жағдайға байланысты үндеу жариялады

Алайда карантиннен жалтару, шетелге шығу туралы мәліметтерді және байланыста болған адамдар туралы ақпаратты жасыру фактілері бар.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б. Дембаев коронавирус жағдайына орай, ел аумағында төтенше жағдай енгізулуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жариялады. Үндеу жолдаған Бас прокурордың орынбасары бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер белгіленін айтып, оларды орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 90-бабына сәйкес азаматтар медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша тексеруден және емделуден өтуге міндетті.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы  16 наурыздағы қаулысымен стационарлық және үй карантині енгізілді. Оларды іске асыру мақсатында уәкілетті органдар эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген адамдарды анықтау, оқшаулау және емдеу бойынша шараларды қамтамасыз етуде. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин тұрғындардың және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

Алайда карантиннен жалтару, шетелге шығу туралы мәліметтерді және байланыста болған адамдар туралы ақпаратты жасыру фактілері бар. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды, оларға инфекцияны анықтау мен алдын алуға көмек көрсетуді сұраймыз", - делінген Болат Дембаевтың ресми үндеуінде. 

Оның сөзіне сүйенсек, полицияның талаптарына бағынбаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.

"Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қызметін тоқтата тұру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін. Егер мұндай әрекеттер абайсызда адамдарды жаппай жұқтыруға немесе адам өліміне әкеп соқса, онда қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚК-нің 304-бабы – 2 мың АЕК айыппұлдан 10 жылға бас бостандығынан айыруға дейін). Сонымен бірге, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз! Шынайы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарында орналастырылады", - деді Б.Дембаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары