Жаңалықтар 18.03.2020 сағат 14:45

«Жалақыны төлеу тәртібі өзгермейді» - министр

Министрдің айтуынша, барлық мекеме, ұйым қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс тәртібіне ауыстыруы қажет.
«Жалақыны төлеу тәртібі өзгермейді» - министр
Фото: Sputniknews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ОКҚ-де өткен онлайн брифингте ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еңбек қатынасына қатысты азаматтарға түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz.
 
"Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастар саны күрт өсуіне байланысты бүгін түнде 00.00-ден бастап екі қаламызда карантин жарияланады. Бұл өз кезегінде азаматтардың жүру-жылжуына шектеулер қойылып, санитарлық және эпидемияға қарсы шаралар күшейтілетін болады. Бұл жағдайлар кәсіпорындар, ұйымдардың, сондағы жұмысшылардың жұмыс тәртібіне өз әсерін тигізеді", - деді Нұрымбетов. 

Министрдің айтуынша, барлық мекеме, ұйым қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс тәртібіне ауыстыруы қажет.

"Барлық мекеме, ұйым қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, барлық жұмысшыны қашықтықтан жұмыс тәртібіне ауыстыруы қажет. Кеше ел президенті бүкіл мемлекеттік органға, квази мемлкеттік ұйымдарға да 70%-ға дейінгі қызметкерлерін осы тәртіпке ауыстыру жөнінде тапсырма берді. Басқа мемлекеттік емес және жеке кәсіпорындар да осы тәртіпке көшулері қажет. Бұл жағдайда жұмыс тәртібі Еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі. Мекеменің, ұйымның басшысы тиісті бұйрық шығарады және жалақыны төлеу тәртібі өзгермейді. Әдеттегідей атқарылған жұмыс үшін ай сайынғы жалақы төленетін болады", - деді Біржан Нұрымбетов.

Нұрымбетовтің айтуынша, егер де жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс тәртібіне ауыстыруға мүмкіндік болмаса, жұмыс беруші өз тарапынан қысқартылған жұмыс уақытын енгізуге құқылы. 

"Егер де жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс тәртібіне ауыстыруға мүмкіндік болмаса, жұмыс беруші өз тарапынан қысқартылған жұмыс уақытын енгізуге құқылы. Бұл Еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі. Жұмыс беруші аптадағы жұмыс санын не сағатын азайтуға болады. Бұл жағдайда жұмыс істеп жүрген азаматтар жалақыны атқарылған жұмыс сағатына қарай алады", - деді министр. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар