Қазақстан Республикасы МҚІА басшысы Анар Жайылғанова "қазақстандық министрлер елде төтенше жағдай енгізілген кезде қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырыла ма?" деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Агенттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік қызметкерлердің 70%-ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру туралы тапсырмасының бірінші басшыларға қатысы жоқ екенін хабарлады.
Демек, министрлер мемлекеттік органдардың басшылары ретінде ТЖ кезінде бұрынғы жұмыс режимінде жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, МҚІА-де бүгін Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылған мемлекеттік қызметкерлерге үйде отырып, Skype арқылы кеңес өткізуді ұсынды.
Еске сала кетейік, 17 наурызда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады.