19.03.2020, 03:25

Қазақтың орыстанған қалаларын Ресейге қосуды қалаған қаламгер көз жұмды

фото: rbc.ru
Бұл туралы Лимоновтың өзі негізін салған «Другая Россия» партиясының өкілдері хабарлаған.

Танымал орыс жазушысы, публицист және саясаткер Эдуард Лимонов онкологиялық аурудың салдарынан 77 жасында о дүниеге аттанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Лимоновтың өзі негізін салған «Другая Россия» партиясының өкілдері хабарлаған. Еске сала кетсек, ол кезіндегі бір сұхбатында Ресейдің империалистік саясаты туралы айтып кеткен еді. Сол сәтте Қазақстанның орыстанған қалалары РФ құрамына қосылуы керек екендігін де жеткізген.

«Бізді Қазақстанмен шекаралас жатқан орыстанған қалалар қызықтырады. Оралдан бастап Өскеменге дейінгі қалалардың барлығы РФ-тің құрамына өтуі керек», - деген екен, жарықтық.