$ 494.87  520.65  4.91

Ескерту! Компьютер деректерін ұрлайтын спам тарап жатыр

Фишингтік ресурстар қосымшасы бар күдікті хабарламалар келсе, https://cert.gov.kz/notify-incident немесе https://t.me/kzcert хабарламасын жіберіңіз!
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Компьютерлік жағдайларға қатысты әрекет ету қызметі - KZ-CERT электронды пошталарға жіберіліп жатқан зиянды бағдарламаны қамтитын хатты анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Зиян келтіретін бағдарлама - спам AGENTTESLA трояны болып шықты. Алғашқы талдау көрсеткендей, вирус келген компьютердегі мәліметтерін жинап, оны қаскөйдің электрондық поштасына жібереді, атап айтқанда: келген-кеткен деректерді, операциялық жүйенің нұсқасы, модель және процессор жиілігі туралы ақпараттарды алады.

Спам sofian@cahayapack.com.my электрондық поштасы арқылы: COVID-19 UPDATE // BUSINESS CONTINUITY PLAN ANNOUNCEMENT STARTING MARCH 2020 деген атаудағы хат түрінде келеді.

Ел тұрғындарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сізде спам, фишингтік ресурстар қосымшасы бар күдікті хабарламалар келсе, https://cert.gov.kz/notify-incident немесе https://t.me/kzcert хабарламасын жіберіңіз, сондай-ақ 1400 тәулік бойы жұмыс істейтін желіге хабарласыңыз. KZ-CERT қызметінің мамандары осы зиянды бағдарламаны қосымша зерттейді. Тергеу аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тергеу