14 қазақстандық Мәскеу әуежайынан шыға алмай отыр. Олар рейстердің тоқтатылуына байланысты қазір жасыл дәлізге орналастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың айтуынша, төлқұжаттарын әуежай қызметкерлері алып алған. Ал Қазақстанның Ресейдегі елшілігі жағдай бақылауда деп отыр. Қазір елшілік Ресей тарапымен қазақстандықтарды Мәскеудің басқа әуежайына ауыстыру және отанына қайту туралы келіссөздер жүргізуде.
Белгілісі 11 жолаушы Доминикана Респибуликасынан, ал қалғандары Германия, Шри-Ланка мен Үндістаннан мәскеу арқылы келмек болған. Мамандар туындаған жағдайға түсіністікпен қарап, сабырлы болуға шақырады.