20.03.2020, 16:20

«Шет елдерде жүрген бес мыңнан аса қазақстандықты елге қайтаруымыз керек» - Ералы Тоғжанов

Фото: Sputniknews.kz
«Туристік Қамқор» қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 17-19 наурызы аралығында Қазақстан аумағына 1350 турист қайтарылған.

Бүгін Үкіметте өткен брифинг кезінде вице-премьер Ералы Тоғжанов сырт елдерде жүрген қазақстандық азаматтарды елге әкелу мемлекет есебінен еместігін айтты, деп хабарлайды Azattyg-ruhy.kz.

«Біз қазір шет елдерде жүрген бес мыңнан аса қазақстандықты елге қайтаруымыз керек. Әлем бойынша әуе рейстерінің көбі қысқарып жатқанда, оларды чартерлік рейстермен елге әкелу үшін күш салып жатырмыз. Айта кетейік, чартерлік рейстер мемлекет есебінен емес, «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының есебінен төленеді», - деді вице-премьер.

Ералы Тоғжанов хабарлағандай, 23 наурызға дейін 18 рейс арқылы төрт мыңнан аса қазақстандық турист елге оралады деген болжам бар. Шет ел асқан туристердің қалғаны кейінірек елге жетуі мүмкін.

«Туристік Қамқор» қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 17-19 наурызы аралығында Қазақстан аумағына 1350 турист қайтарылған.

Тегтер: турист Рейс