Өскемен қаласында 4 жасар қыздың анасы із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды YK-news.kz.
Дереккөздің мәліметінше, 24 жастағы Өскемен тұрғыны Ольга Жукова 13 желтоқсан күні пәтерде бірге тұратын құрбысымен бір мерекені атап өтіп, түнімен ұйықтамаған көрінеді. Құрбысының айтуынша, Ольга келесі күні таңертең сырт киімін киіп, темекі тартуға шығып келетінін айтқан. Алайда, сол шыққаннан қайта кері оралмапты. Оны көрген ешкім жоқ. Жукованың артында 4 жасар ұлы жалғыз қалды.
Туыстарының айтуынша, Ольга өзімен бірге ешқандай жеке затын, не құжаттарын, не ақша алып шықпаған. Оның жайдан-жай кетіп қалуына ешқандай себеп те болмаған. Жас келіншек ешкіммен ұрыспаған, күйзелісте болмаған және есірткімен әуестенбеген. Алайда, оның "Одноклассники" әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазған жазбасы туыстарының күдігін туғызып отыр. "Балам, ақылды және адал болып өс. Мен секілді болма! Сен мұны оқымайтыныңды білемін, бірақ сені қатты жақсы көремін. Мен әрдайым сенімен біргемін, соны біл, жақсы көремін... Кешір..." делінген аталған жазбада.
Қазіргі таңда тәртіп сақшыларымен бірге жоғалған әйелдің туыстары да оны жаппай іздестіруде.