25.03.2020, 17:04

Шымкентте коронавирус жұқтырған екінші адам анықталды

Фото: Азаттық рухы
Жалпы 80 науқас тіркелді.

25 наурыз сағат 16:40-дағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 адамға жетті, деп мәлімдеді www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында- 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 80 науқас тіркелді.