$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда мұз жарылып, әйел мен қыз суға кетті

Павлодарда мұз жарылып, әйел мен кішкентай қыз суға түсіп кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Павлодар қаласында Ертіс өзенінде оры алған. Төтенше жағдайлар қызметіне шақырту бүгін таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында келіп түскен. Мұздай суға кеткен әйел үсіктен қайтыс болса, құтқарушылар кішкентай қызды сыртқа аман шығарып үлгерген. Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

"Судан 1963 жылы туған әйелдің денесі шығарылды, оның кім екені де анықталып отыр. Ал, кішкентай қыздың кім екенін әлі анықтап жатырмыз. Белгілісі, ол азиат, жасы 9-10 шамасында. Болжам бойынша, әйел мен қыз серуендеп жүріп мұз астына түсіп кеткен. қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр" дейді ТЖД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары