$ 448.15  483.46  4.86

Дональд Трамп Тоқаевты және қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

"Біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз".
Фото: КТК.kz және Берік Уәлидің facebook парақшасынан
Фото: КТК.kz және Берік Уәлидің facebook парақшасынан

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтақтап, ресми хат жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Қазақстандықтарды жаңару мерекесімен құттықтаған АҚШ президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыра  беруге ынталы екендігін жеткізді.

"Құрметті Президент мырза, Сізге, Сіздің отбасыңызға және Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі бола отырып, адамдарды достыққа біріктіретін мейрам.

Биылғы жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің американдық бизнес үшін қолайлы болып табылатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін. Наурыз құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Дональд Трамп", - делінген ресми хатта. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары