26.03.2020, 17:20

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны жүзден асты

Фото: informburo.kz
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Алматы қаласында - 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыз, сағат 16:20-дегі жағдайға сәйкес, Алматы қаласында - 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 109 науқас тіркелді", - делінген ресми хабарламады. 

Тегтер: коронавирус