27.03.2020, 09:20

Елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Жалпы 120 науқас тіркелді.

Алматыда коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, 26 наурыз сағат 22:20-дегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелген.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында - 47 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, жалпы 120 науқас тіркелді", - делінген хабарламада. 

Тегтер: коронавирус