$ 498.34  519.72  4.85

«Мемлекеттің ақшасы желге ұшуда» – Бердібек Сапарбаев

Оған қоса, аймақ басшысы Ж.Шалдаровтың жиынға дайындықсыз келгенін сынға алып, Н. Алдамжаровқа "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде жобаларды көбейту бойынша жұмыс жүргізу керектігін алға тартты.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жобалау-сметалық құжаттамаларды сапалы және уақытылы дайындау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровтың айтуынша, 2014-2018 жылдары басталған 70 ЖСҚ әлі күнге дейін әзірленіп бітпеген. Тіпті, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров та сол секілді 20 ЖСҚ туралы баяндады.

"ЖСҚ дайындау мерзімінің созылуының басты себебі – жауапты мемлекеттік органдар тарапынан бақылаудың болмауы. Неге тиісті шараларды қабылдамайсыздар? 2013 жылдың жобалау-сметалық құжаттамасы қазір кімге керек? Өйткені, құрылыс материалдарының бағасы, технологиясы мен талаптары түбегейлі өзгерді. Ал мемлекеттің ақшасы желге ұшуда. Тағы бір мәселе – сметаны дайындау кезінде бағаны негізсіз көтеру. "Түйе сұрасаң – бие аласың" деген. Мұндай тәсіл дұрыс емес. Бюджет қаражатына ұқыпты қарау керек. Ол үшін жаңа технологияларды енгізе отырып, жергілікті материалдарды пайдалану маңызды", - деді Б.Сапарбаев.

Оған қоса, аймақ басшысы Ж.Шалдаровтың жиынға дайындықсыз келгенін сынға алып, Н. Алдамжаровқа "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде жобаларды көбейту бойынша жұмыс жүргізу керектігін алға тартты.

"Аудандарға жұмыс сапарымның барысында кәсіпкерлер қажетті инфрақұрылымдарды жүргізуге көмектесуді сұрайды.  Бұл бағыттағы жұмыстар әлсіз атқарылуда", - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы құрылысқа кіріспес бұрын міндетті түрде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, жер асты суларының қорын және олардың сапасын зерттеу қажеттігіне көңіл бөлді.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі құрылыс жұмыстарына тарту үшін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тізімін құру маңызды екендігін ескертті және жауапты тұлғаларға міндеттер жүктеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары