$ 494.87  520.65  4.91

Мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту туралы бас санитардың қаулысы шықты

Қазақстанда шалғайдағы ауылдарда интернет жылдамдығы баяу екенін, кейбір отбасылардың интернетке қосылмағанын айтып, мәселеге уайымдайтын ата-аналар да бар.
Фото: habr.com/ru
Фото: habr.com/ru

6 сәуірден бастап мектеп оқушыларын қашықтан оқыту туралы бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысы шықты, деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері.

Коронавирусқа байланысты Қазақстанда мектеп оқушыларының көктемгі демалысы бір апта ерте - 16 наурызда басталған еді. Демалыс уақыты үш аптаға созылады.

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі қашықтан оқуға қажетті механизмді қарастырып жатқанын хабарлаған. Министр Асхат Аймағамбетов "қашықтан оқуға мүмкіндік беретін" ақпараттық жүйе, видеосабақтар әзірленетінін айтқан. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 26 наурызда онлайн өткізілетін сабақ 30 минутқа созылады деген. Оқушыларға берілетін қосымша видеосабақтар жергілікті телеарналар арқылы көрсетіледі. Биліктің айтуынша, қазір осындай 200 видеосабақ дайын. Тағы 2000-ға жуық өнім әзірленеді.

Қазақстанда шалғайдағы ауылдарда интернет жылдамдығы баяу екенін, кейбір отбасылардың интернетке қосылмағанын айтып, мәселеге уайымдайтын ата-аналар да бар.

16 наурыздан бастап Қазақстанда жоғары оқу орындары, колледж студенттері де қашықтан оқуға кіріскен.Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов қазақстандық жоғары оқу орындарының 30 пайызы қашықтан оқуға дейін екенін мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары