Нұр-Сұлтан қаласының стационарларында короновирус инфекциясын жұқтырған немесе жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болғандармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жағдай жасау үшін қонақүйлер бөлінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қала әкімдігіне сілтеме жасап.
"Қалалық штаб тамақ ұйымдастырса, City Transportation Systems (CTS) компаниясы көлік бөлді. Қаланың емханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үшін де көлік ұйымдастырылған. Бұл қызметтердің барлығы тегін", - делінген хабарламада.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық салада жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін жаңа қаржылық қолдау пакеті бекітілетінін хабарлады.
№2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс жасайды. №2 қалалық емхана базасында (Желтоқсан көшесі, 36) жедел респираторлы вирустық инфекциясы белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық емхана ұйымдастырылды. ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана қабылдайды. Емханада емделушілерге коронавирустық инфекцияға зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.