Әлемді жайлаған коронавирус індеті Қазақстанға да жетіп, елімізде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осы орайда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалар карантинге жабылып, түрлі шаралар атқарыла бастады. Осы кезде Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев қаладағы карантинге байланысты ПИК және Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары (ТҚКО) қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Sn.kz.
Алматы қаласында 880 басқару органы қызмет көрсететін 8494-ке жуық көппәтерлі тұрғын үй, 5465 лифт жабдықтары, 4074-тен астам аула бар. Бұл – елдегі ең ірі тұрғын үй қоры екенін атап өту қажет.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен алаңдары, лифтілер, үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік сияқты кондоминиум объектісінің бөліктері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі болып табылады.
Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін тиісті түрде пайдалануға және күтіп-ұстауға, оның ішінде дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау және үй маңындағы аумақтарды санитарлық тазалау сияқты қызметтерді кондоминиум объектісін басқару органы, яғни пәтер иелерінің кооперативтері жауапты.
Осыған байланысты Тұрғын үй саясаты басқармасы аудан әкімдіктерімен бірге, Президенттің «Мемлекеттің қызмет етуінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау үшін және қалада карантин режимін енгізуді ескере отырып, Алматы қаласында Пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен бірге коронавирустың таралу қаупіне байланысты кіреберістерді зарарсыздандыру құралдарымен дезинфекциялау арқылы көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдалану орындарында тұрғындардың қауіпсіз болуын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта басқару органдары коронавирус инфекциясын таратпау және болдырмау мақсатында кіру топтары, кіреберістер, баспалдақ алаңдары, лифтілер және т.б. сияқты ортақ мүлік элементтерін қоса алғанда, іргелес аумақты күнделікті өңдеуді жүргізеді.
Сонымен бірге, пәтер, тұрғын емес үй-жайдың иесі өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ауыртпалығын көтереді.
«Бүгінгі таңда әрбір тұрғынға ай сайынғы жарналарды уақытылы енгізу арқылы өз үйлерін күтіп ұстау мәселелеріне белсенді қатысу өте маңызды. Дәл осы жарналар еңбекақы төлеу қорын және ортақ мүлікті дезинфекциялау үшін қажетті қаражатты сатып алуды қалыптастырады. Ортақ пайдалану орындарын уақтылы санитарлық өңдеу міндеті өткір қойылып отыр, сондықтан біз тұрғындарды осы мәселеде барынша жауапкершілік танытуды сұраймыз. Біздің жеке азаматтық санамызға бүгінгі таңда әр қала тұрғынының денсаулығы тәуелді», - деді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев.
Егер Сіздің басқару органыңыз короновирус инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету бойынша тиісті шараларды қабылдамайтын жағдайда, Сіз әрқашан Тұрғын үй саясаты басқармасына Сізге ыңғайлы форматта жүгіне аласыз – open-almaty.kz сайтына өтініш жолдауға, басқарманың ресми сайтында орналастырылған нөмірлері бойынша, оның ішінде ұялы телефондарға қоңырау шалуға болады, сондай-ақ, біз Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде бармыз. Бұдан басқа, аудан әкімдігіне де жүгінуге болады.
«Сондай-ақ біз кондоминиум объектісін басқаруға және ортақ мүлікті күтіп-ұстауға қатысты қандай да бір мәселелер бойынша тұрғындардың жиналыстарын өткізуден бас тартуды сұраймыз. Қазіргі уақытта қала әкімдігі көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдалану орындарын дезинфекциялау бойынша ПИК-ті қолдаудың қосымша шараларын пысықтап жатыр. Олар туралы біз қосымша хабарлаймыз. Сонымен қатар, Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтерге қатысты тоқтап отсем. Барлығы мемлекттік қызметтер электрондық форматта eGov порталы арқылы жүзеге асырылатынын атап өткім келеді», - деді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев.
Сонымен қатар, ҚР Президенті тапсырмасы бойынша Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің 70 пайызы дистанциялық, яғни қашықтан жұмыс жасау режиміне ауыстырылды.
Ал Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеу режиміне тоқталатын болсақ, коронавирустың таралу қаупінен төтенше жағдайдың жүргізілуіне байланысты «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары (ТҚКО) тек online режимде жұмыс істейтін болады.
Сонымен бірге, «Алматы су» тұтынушыларға қызмет көрсетудің қосымша сервистерін ұсынады. «Алматы су» МКК тұтынушылар үшін қашықтықтан қызмет көрсетудің сервистерін кеңейтеді. Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мақсатында азаматтарды қабылдау шектеледі, тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары online режимінде жұмыс істейді. Сумен қамтамасыз ету және кәріз қызметтері бойынша қашықтықтан кеңес беру қызметтерін жүргізе беретін болады.
Елдегі электр энергиясының жеткізушісі «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің бөлімшелері әдеттегідей режимде жұмыс істейді. Инфекцияның таралуына жол бермеу және жүгінген тұтынушылар мен қызметкерлерді қорғау бойынша алдын алу шаралары ретінде мынадай шаралар қабылданды: бөлмелерді тазалау мен оларды желдету күшейтілді, қызметкерлер қорғаныш маскалармен және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілді.
Ал Алматы қаласы бойынша «Алматы Қала Жарық», «Алатау Жарық Компаниясы», «КазТрансГаз Аймақ», «Алматыгаз» ЖШС мекемелері қашықтан жұмыс істеп, онлайн кеңес беруге әрдайым дайын.
Мұндай жағдайлардың барлығы тек уақытша екенін, сондай-ақ, елдегі коронавирус індеті тұрақтанған жағдайда барлық мекемелер қалыпты қызмет көрсететін болады.