05.03.2020, 10:25

Атырауда полицейлер мен азаматтар арасындағы байланыс нығайды

Айта кетейік, бұл өзекті мәселеге Көліктегі ІІД жанындағы қоғамдық кеңес үнемі көңіл бөліп келеді. Мәселен, қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов адамдардың қауіпсіздігін сақтау мәселесіне қашанда мұқият қараған жөн екенін айтады.

Бүгінгі таңда республика аумағында «Көліктегі қауіпсіздік» шаралары жиі ұйымдастырылып келеді. Яғни Төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық көлік пен жеке көліктердегі болуы мүмкін қаііптің алдын алу сақтық шараларын түсіндіреді. Осы мақсатта Атырау облысы аймақтық коммуникация қызметінде «Көліктегі қауіпсіздік» тақырыбында брифинг өтті, - деп хабарлайды Sn.kz.

Аталған шараға азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп қатерін азайту және бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бержанов Жасболат Оспанұлы мен Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жаңабаев Нұрлан Максотұлы қатысты.

«Атырау облысы бойынша автокөлікте 2018 жылы 76 өрт, 2019 – 84 өрт тіркелді, 2020 жылдың өткен кезеңінде 16 болды. Тек соңғы екі апта ішінде автокөлікте 9 өрт тіркелді. Ал соңғы төрт жылда (2016-2019 жылдары) газ жабдығы бар көлікте 374 өрт болды, онда 5 адам қаза болды , соның ішінде 2 бала, 34 адам жарақат алды (3 бала). Мысалы, 2016 жылы өрт саны-74, 2017 – 80, 2018 – 114, 2019 – 106 болып отыр», - деген азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп қатерін азайту және бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жасболат Бержанов Атырау облысында автокөліктердің жану статистикасын келтірді.

Оның айтуынша, өрттің 84%-ы (316) газдың шығуы, 7 өрт одан кейінгі жарылыстар салдарынан болған. Автокөлік құралдарындағы өрттердің негізгі себебі- қозғалтқыш бөлігінде және автомобильді Басқару панелінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

«Газ жабдығымен жабдықталған автокөліктегі өрттердің және жарылыстың негізгі себебі баллондарды барынша толтырып, артық қысым клапанын бөлшектеу болып табылады. Баллонды толтырудың ең жоғары деңгейі баллон сыйымдылығының 85%- нан аспауы тиіс», - деп ескертті полковник Жасболат Бержанов.

Ал Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жаңабаев Нұрлан Мақсотұлы газ баллонды жабдықпен жабдықталған автомобильдердің жабық тұрақтарына (тұрғын және қоғамдық ғимараттарға

жапсарлас салынған) кіруге тыйым салынуына байланысты, жабық тұрақтарды тексеру Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес жоспардан тыс тәртіппен азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылатынын айтты.

«Құқық бұзушыларға қатысты талаптар бұзылған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы бойынша (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау) 5-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеміз», - деді Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Нұрлан Жаңабаев.

Айта кетейік, бұл өзекті мәселеге Көліктегі ІІД жанындағы қоғамдық кеңес үнемі көңіл бөліп келеді. Мәселен, қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов адамдардың қауіпсіздігін сақтау мәселесіне қашанда мұқият қараған жөн екенін айтады. Ал Көліктегі ІІД бастығы, полиция полковнигі Берік Бисенқұлов: «Қоғамдық кеңес құрылғаннан бергі уақытта өзінің тиімділігін дәлелдеді. Ең бастысы, полицейлер мен азаматтар арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосты», – деген болатын.

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мəселесіне айналып отыр. Өйткені соңғы кезде жол-көлік оқиғалары жəне көліктегі апат жағдайлары жиілеп кеткен. Мемлекетіміздің қазіргі экономикалық даму кезеңіндегі Кедендік одаққа бірігуі, халықаралық көлік жүйесіне интеграциялануы жағдайында көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері ерекше маңызға ие. Көлік қауіпсіздігіне қауіп төну тəуекелі жоғары болғандықтан, азаматтық заңнама көлікті жоғары қауіптілік көздерінің қатарына жатқызады (931-б., ҚР Азаматтық кодексі). Сондықтан көлік саласында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына қауіп-қатерді болдырмау ерекше басымдылыққа ие болуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, автокөлікте өрттің шығуының негізгі себептері – қысқа тұйықталу, автокөліктің салоннында шылым шегу салдары, қозғалтқышты жылыту үшін ашық отты пайдалану, отын майының ағуы, қозғалтқыштың қыздырылған бетіне түсуі, қозғалтқышты жылыту үшін ашық отты пайдалану, электр және газды дәнекерлеу жұмыстарын жөндеу кезінде өртті сақтықпен қолданбау жатады. Осыған байланысты елімізде «Көліктегі қауіпсіздік» науқаны өткізіліп жатыр.

Ал еліміздегі жол-көлік оқиғалары мен апат жағдайларының орын алу себептері әртүрлі. Мәселен, құқықтық реттеудегі ақаулықтардың орын алуы, адам факторы, осы себептен апаттық жағдайлардың 70 пайызы орын алады. Сонымен қатар, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қызмет ететін мамандардың білімінің сапасыздығы, техникалық, көлік құралдарының ескіруі, көлікті эксплуатациялау ережелерін бұзу, көлік инфрақұрылымының жəне көлік құралдарының осалдығын бағаламау, терроризм жəне басқа да əлеуметтік сипаттағы қауіптер екенін айта кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басты міндеттермен Елбасының ішкі істер органдары саласы қызметкерлерінің алдына қойған тапсырмаларының орындалуы, ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігінен бастау алатынын айтқан болатын.