$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстан астық пен ұнды экспорттамайтын болады

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 наурызындағы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 9,2 миллион тонна астық бар.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде бидай экспортына шектеу енгізіледі, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұндай шара еліміздің астыққа деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету (оның ішінде азық-түлік көлемін сақтау және тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу) мақсатында қолға алынып отыр.

"Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрлігі ұн экспорттау бойынша тыйымды алып тастап, оның орнына ұнды республикадан тыс жерге шығаруға шектеу қояды", - делінген хабарламада.

Осыған орай, енді бидай мен ұн экспорты министрлік белгілеген ай сайынғы квота шеңберінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, АШМ баспасөз қызметі республикада қанша астық қоры бар екенін жариялады.

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 наурызындағы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 9,2 миллион тонна астық бар, оның ішінде азық-түлік – 6,4 миллион тонна, тұқымдық – 1,5 миллион тонна, жемдік – 1,3 миллион тонна.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары