Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус ауа арқылы берілмейді деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Коронавирус жұқтырған адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлегенде пайда болатын тамшылар арқылы өтеді», - делінген ДДҰ-ның ресми твиттерінде.
Осылайша, ДДСҰ мәліметі бойынша, вирус ауада өмір сүрмейді. Өзіңізді қорғау үшін адамдар арасында бір метр қашықтықты сақтау керек, бетпердені үнемі зарарсыздандырып, қолды жиі жуып көзге, мұрынға және ауызға қол тигізбеу керек.