Қазақстанда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қарағанды облысында бір науқас қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, коронавирус жұқтырған тағы 15 адам тiркелгені анықталып отыр: Алматы қаласында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 6 адам, Қарағанды облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 6 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында - 84 адам, Қарағанды облысында - 14 адам, Ақмола облысында - 16 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында - 3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 18 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 363 науқас тіркелді.