$ 498.34  519.72  4.85

Ұлттық ұлан мен Қарулы күштердің әскери қызметкерлеріне сыйақы беріледі

2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға қосымша 125 миллиард теңге қарастырылған.
Фото: bignews.kz
Фото: bignews.kz

Ұлттық ұлан мен қарулы күштердің әскери қызметкерлеріне сыйақы төленеді. Бұл туралы қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, Ұлттық ұлан мен Қарулы күштердің әскери қызметкерлеріне сыйақы төлеуге 8 миллиард теңге бөлінеді", - деді Шолпанқұлов.

Айта кетейік, елде төтенше жағдай енгізілген алғашқы күндерден бастап әскери қызметшілер күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды.

Сондай-ақ, оның айтуынша, байланыс қызметтерін көрсетуге және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне 4 миллиард теңге бөлінеді.

Ал 5,6 миллиард теңге - сот-медициналық сараптама қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бөлінеді.

Жалпы, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2020 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға қосымша 125 миллиард теңге қарастырылған.

Оның ішінде 40,6 миллиард теңге - карантиндік шараларға қатысатын медицина қызметкерлерін ынталандыруға бөлінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ұлттық ұлан