$ 498.51  522.84  4.81

Індет жұқтырғандармен тығыз байланыста жүрген медициналық қызметкерлер үйлеріне қайтудан бас тартуда

Облыс әкімдері оларды жатақханамен қамтамасыз етуі керек.

Карантин жарияланған ұйымдарда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үйлеріне қайтқысы келмей отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекеттік комисиия - карантин жарияланған ұйымдарда жұмысқа жұмылған медициналық қызметкерлерді эпидемиологиялық, санитарлық стандарттарға сай стационарларға карантинге жатқызу туралы шешім қабылдады. Бұл дегеніміз науқастармен байланыста болған дәрігерлердің барлығы сол стационарда болуы тиіс деген сөз. Облыс әкімдері оларды жатақханамен қамтамасыз етуі керек. Олардың транспортпен, тамақпен қамтамасыз етуі қажет. Жағдай жасалуы керек. Біз дәрігерлер қауіптенгендіктен үйлеріне қайтқысы келмейтінін түсінеміз", - дейді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары