04.04.2020, 10:40

Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы жайлы тараған қауесетке нүкте қойды

Фото: sputniknews.kz
Нұрсұлтан Назарбаев 3 сәуірде әкімдермен телефон арқылы сөйлескен.

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы ел арасында тараған қауесеттің нүктесін қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, ел арасында тараған қауесеттер жалған.

"Соңғы уақытта жекелеген тұлғалар елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға белсенді түрде тырысып, Елбасы денсаулығы туралы қате мәліметтер таратуға әрекеттенуде. Мұның бәрі арандату және өтірік", - деді Айдос Үкібай.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Елбасы аймақтардағы әкімдермен телефон арқылы сөйлескені туралы ақпарат тараған болатын. Осы орайда, Айдос Үкібайдың айтуынша, "егер кімде-кім күмәнданса, кеше Елбасымен сөйлескен кез келген әкімнен Тұңғыш президенттің денсаулығы жайлы сұрауға болатын" көрінеді.