Дәрігерлер Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған екінші науқастың жайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, 1947 жылғы марқұм Целиноград ауданында өмір сүрген және дисциркуляторлық энцефалопатия, оң жақтан гемипарез, өкпенің созылмалы обструктивті дерті, артериялық гипертензия сынды диагноздарымен есепте тұрған.
2016 жылғы 21 сәуірде сол аяқтың төртінші бармағына накрэктамия жасалды, 2018 жылғы 8 қазанда қант диабетінің асқынуы салдарынан оң аяқ жамбастың үштен бір деңгейінде, яғни санына дейін ампутацияланды.
2019 жылы 29 шілдеде қан қысымы күрт жоғарылап, науқас ауруханада ем алды. Сол 2019 жылы ол екі жақты гипостатикалық пневмония диагнозымен терапия бөлімінде қарқынды ем алды.
2019 жылғы 30 тамызда - әл-ауқаты нашарлап, "созылмалы бронхит" өршуі диагнозы бойынша бактерияға қарсы терапия жүргізілді.
"2020 жылғы 1 наурызда органдардың патологиясы салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, тыныс алу, жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінің жоғарылауы, жоғары қан қысымының фоны аясында "екінші дәрежелі" деп диагнозы қойылды, жүректің ишемиялық ауруы, кардиоцитоз, гипостатикалық пневмония болды. 2 сәуірде биологиялық өлім тіркелді, марқұмның денесі сот-медициналық сараптама үшін Нұр-Сұлтанға жеткізілді. ПЦР зерттеу кезінде марқұмнан COVID-19 оң нәтиже берді", деп хабарлады Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Басқармадағылар қайтыс болған адам болған жерлерде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатқанын, оған қоса онымен тығыз байланыста болған адамдар анықталып жатқанын да жеткізді.