$ 446.49  475.38  4.79

ШҚО-да қашып кеткен әскери табылды

Осы уақытқа дейін қызмет орнына қайтқан жоқ.

Шығыс Қазақстан облысында осыдан үш күн бұрын қашып кеткен әскери қызметкер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық гвардиясының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери Знаменск ауылында ұсталды.

"ҚР ІІМ Өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 441-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске салайық, мұның алдында ШҚО-да әскери қызметкерге іздеу салынғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әскери адам