$ 439.43  473.31  4.82

Денсаулық сақтау министрі төтенше жағдай ережесін бұзғаны үшін отставкаға кетті

Біраз уақыттан соң министрдің 2 рет төтенше жағдай ережесін бұзғаны анықталды.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Шотландияның денсаулық сақтау министрі Кэтрин Кэлдервуд коронавирустың алдын алу мақсатында енгізілген төтенше жағдай ережесін бұзғаны үшін отставкаға кетті. Бұл туралы Reuters хабарлады, дейді Qamshy.kz. 

Жерлестеріне үйде қалуға кеңес берген министр төтенше жағдай кезінде өзінің қала сыртындағы үйіне демалуға барған. Мұны The Scottish Sun басылымының журналистері суретке түсіріп, жариялаған. Біраз уақыттан соң министрдің 2 рет төтенше жағдай ережесін бұзғаны анықталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары