$ 494.87  520.65  4.91

Министр интернеттің нашарлауына қатысты түсініктеме берді

Елімізде интернетке түскен салмақ жаңа жылдық мерекелер кезіндегі жағдаймен салыстырғанда екі есе артқан.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі интернеттің нашарлауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Вице-министр Дарын Тұяқовтың айтуынша, төтенше жағдай енгізілгелі бері интернетке салмақ түсіп жатыр. Қазақстандықтар тамаққа тапсырыс беріп қана қоймай, фильмдерді жиі көре бастаған. Елімізде интернетке түскен салмақ жаңа жылдық мерекелер кезіндегі жағдаймен салыстырғанда екі есе артқан.  

"Бүгінде бүкіл әлемде интернет арналарына салмақ түсіп жатыр. Қазақстанда да трафик өсті. Себебі абоненттер интернет дүкендерден үйге тағам мен дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп жатыр. Бұдан бөлек, жаңа абоненттердің қосылуы, видеоконтентті көп көру, адамдардың онлайн жұмыс істеуге көшуі, оқушылар мен студенттердің қашықтан оқуға ауысуы сияқты факторлар ішкі арналарға салмақ түсірді", - деді Тұяқов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде байланыс сапасын арттыру шаралары атқарылып жатыр. Операторлар ішкі арналарды кеңейтуде. Мәселен, сыртқы арналар 20 процентке кеңейтілді. Вице-министр Нұр-Сұлтан қаласында интернет сапасының нашарлауына себеп болған негізгі мәселені де атап өтті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары