09.04.2020, 12:40

Қазақстанның оңтүстік бөлігі ақ қарға оранды (ФОТО, ВИДЕО)

Кейбір жылдары сәуір айында Алматыға қар жауған кездер болған.

Солтүстікке аттандап жеткен аяз біртіндеп бүкіл Қазақстан аумағына кеңінен қанат жая бастады. Қазір - көктем, сәуір айы. Ағаштарда гүлдеп үлгерген еліміздің оңтүстік бөлігі де қайта қарға оранды, деп хабарлайды zakon.kz.

8 сәуір қарсаңында Шымкентте қар жауды.

Таразда қарлы бұрқасын болып, нағыз қыс қайтып келгендей болып жатыр.

9 сәуірде таңертең тауға жақын орналасқан Алматының жоғарғы (оңтүстік) бөлігінде мегаполис тұрғындары ала қанат қар жауғанын байқады.

10: 00-ге дейін осындай жауын-шашын қаланың қалған бөліктерінде байқалды.

Кейбір жылдары сәуір айында Алматыға қар жауған кездер болған.

Тегтер: Ақша Қар Сәуір