$ 498.34  519.72  4.85

Елордада коронавирус жұқтырған такси жүргізушісі ауруханаға жатқызылды

Сонымен қатар, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 764-ке жетті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елордада коронавирус жұқтырған жекеменшік такси жүргізушісі стационарға жатқызылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Такси жүргізушімен жақын байланыста болған адамдар анықталған.

Астана әкімдігі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындарға тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға кеңес береді.

"Карантин басталғалы бері қалалық штаб ресми таксиге көліктерін күнде дезинфекциядан өткізу туралы талап қойды. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда, тасымалдаушыларға айыппұл салынады", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 764-ке жетті.

"Маңғыстау облысында - 1, Атырау облысында - 3 және Алматы қаласында тағы бір адамда коронавирус расталды", - деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары