КВИ жұқтырған анадан туған сәбидің жағдайы мәлім болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қызылорда облысындағы коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанған. Тест нәтижелері баланың ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті", - делінген хабарламада.
Еске салайық, денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған науқас әйелдің босанғанын айтқан болатын.
"Жүкті әйел 8 сәуірде провизорлық перзентханаға (оқшауланған ғимарат) ай-күні жетіп, ЖРВИ белгілерімен түсті. Дене қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілді. Коронавирус инфекциясына тексергенде талдауы оң болып шықты. Толғақ басталды. Аман-есен босанды. Сәби кювезде жатыр, салмағы - 2 970 грамм, бойы - 51 сантиметр. Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық, COVID-19 талдау алынды", - деп жазған Ақтаева Facebook-тегі парақшасында.