$ 448.15  483.46  4.86

«Сұраныс болса, әйелдер де арнайы жиындарға шақырылады» – Серік Боранбаев

Оның мәліметінше, бүгінге дейін 473 әскери міндетті арнайы жиынға шақырылған.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Бүгін Қарулы Күштердің бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

Оның айтуынша, еліміздің бірнеше аймағында Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерге қатысты арнайы жиын бөлімшелері құрылды.

«Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Қызылорда, Павлодар, Ақмола облыстарында арнайы жиындар бөлімшелері құрылды. Ақтөбе және Атырау облыстарында әскери міндеттілерді шақыру жалғасуда. 13 сәуірде Шымкент пен Қарағанды облыстарында, 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында, 16 сәуірде Жамбыл облысында, 17 сәуірде Түркістан облысында жиын басталады. Ал Батыс Қазақстан, Қостанай мен Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында арнайы жиындарға шақырыру жайы әлі қарастырылып жатыр», - деді Серік Боранбаев.

Оның мәліметінше, бүгінге дейін 473 әскери міндетті арнайы жиынға шақырылған.

«Қысқа мерзімде арнайы жиынға 473 әскери міндеттіні, оның ішінде 71 офицер, 402 сержант пен запастағы сарбаздарды шақырылды. Айта кету керек, олардың  басым бөлігі – еріктілер», - деді  Бас  штаб бастығының орынбасары.

Сондай-ақ әйелдерді арнайы жиындарға шақыру жайында пікір білдірді. Дегенмен, Серік Боранбаев жергілікті атқарушы органдар Төтенше жағдай кезінде жиындарды өткізу, оларға кімдерді шақыратыны туралы шешімді өз бетінше қабылдайтынын атап өтті.

«Әкімдіктің әйелдерді арнайы жиындарға шақыруға құқығы бар. Бұл жерде шектеу  жоқ. Егер кей мамандықтар бойынша сұраныс болса, әйелдер де арнайы жиындарға шақырылады. Мұндай жағдайда жергілікті билік тиісті шешім қабылдайды», - деді ол

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары