$ 494.87  520.65  4.91

Курсант блок-бекет жанында суицид жасамақ болған бойжеткенді құтқарып қалды

Мейрамбек өзінің орнында еліміздің кез келген азаматы осылай әрекет етер еді деген ойда.
Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz

Алматыда Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты өз-өзіне қол жұмсамақ болған бойжеткенді тоқтатты. Оқиға өзен бойындағы өткізу пунктінің жанында болған деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Алматы гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4-курс студенті Мейрамбек Найсекенов қараңғыдан көпір таянышының ар жағында тұрған әйел адамға ұқсаған мүсінді байқаған.

Жас жігіт бойжеткенге көмектесуге асыққан. Уақытылы әрекет еткен курсант аруды қолынан ұстап, таяныштан тартып шығарған. Содан кейін өз-өзіне қол сала жаздаған аруды көпірден алыс жерге әкеткен. Курсант рация арқылы командирлермен байланысқа шығып, оқиға жайлы баяндаған. Әскери қызметкер бойжеткенді сабырға шақыра бастаған. Әңгіме барысында оның жігітімен айырылысып кеткені үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды.

Атап өтілгендей, бойжеткеннің жолы болған. Ол өзін құтқарып қалған курсанттың арқасында аман қалған. Ал қаһарман жігіт, өз кезегінде тек қызметін атқарғанын айтады. Мейрамбек өзінің орнында еліміздің кез келген азаматы осылай әрекет етер еді деген ойда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#курсант