$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 300-ге жуық полицей қорғаныс костюмін алды

Күн сайын олар азаматтармен тығыз байланыста болады, олардың арасында «қауіп тобына» кіретін адамдар да болуы мүмкін. Бұл полиция қызметкерлері медициналық қызметкерлермен қатар жұқтыру қаупі өте жоғары.

 Алматы полициясы 300-ге жуық қорғаныс костюмдерін алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Бұл киімді бірінші кезекте Алматының карантинді периметрі бойындағы 27 бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет етіп тұрған полиция қызметкерлері киеді. 

"Бұл киімдерді ішкі істер Министрінің тапсырмасымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ресурстары жасады. Бүгін бізде 280 жиынтық бар, алдағы уақытта олардың санын 350-ге жеткіземіз. Бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет етіп жүрген Алматы гарнизонының қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері қорғаныс шапандарын киді. Күн сайын олар азаматтармен тығыз байланыста болады, олардың арасында «қауіп тобына» кіретін адамдар да болуы мүмкін. Бұл полиция қызметкерлері медициналық қызметкерлермен қатар жұқтыру қаупі өте жоғары. Олар азаматтардың денсаулығын қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады. Карантиндік шаралар басталған сәттен бастап ішкі тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қызметкерлері периметрдің айналасында да, қала ішінде де медициналық маскаларды, бір рет қолданылатын қолғаптар мен антисептикалық құралдарды жеке қорғаныс құралы ретінде қолдана бастағанын атап өтемін. Полиция барлық қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген", – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов. 

Қалалық полиция басшысының айтуынша, Алматыдағы карантиндік іс-шараларға Полиция департаментінің жеке құрамынан, Ұлттық ұлан мен қорғаныс министрлігінен алты мыңға жуық адам тартылған. Әзірлеген 997 жаяу патрульдеу бағыттарында 3 мыңға жуық адам қызмет етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары