$ 494.87  520.65  4.91

11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ақмола облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі.
Фото: skifnews.kz
Фото: skifnews.kz

Сәуірдің 11-і күні Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етіп, күн ашық болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның ықпалымен жауын жауып, күн күркірейді. Республиканың кейбір өңірлеріне тұман түседі.

Алматы облысының бірқатар өңірінде түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, Жамбыл облысында күн күркірейді.

Қостанай, Қарағанды, түнде және таң ата Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы