12.04.2020, 17:25

Президент қазақстандықтарды Ғарышкерлер күнімен құттықтады (ВИДЕО)

фото: qazaqstan.tv
Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды ғарышкерлер мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Баршаңызды бүгінгі тамаша мереке - Ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік космонавтиканың дамуына зор үлес қосқаны сөзсіз. Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игерген адамзат жетістігінің символы. Қазақ ғарышкерлерін мақтан тұтамыз!", - деді  президент Twitter-дегі парақшасында.