$ 443.44  480.51  4.88

Әлемдегі ең үлкен жүк ұшағы Қазақстанға қонды

Мрия ұшағы 1988 жылы Киевте жасалған.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Әлемдегі ең үлкен жүк ұшағы Ан-225 «Мрия» тағы да Алматыға жанармай құю үшін қонды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қала әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы борт Қытайдан салмағы 102 тонна болатын рекордтық жүкпен - ұшып келді. Ұшаққа медициналық мақсаттағы бұйымдар және COVID-19 қарсы құрал-жабдықтар тиелген. Бұл туралы украиналық БАҚ хабарлады. Ол Алматыдан Польша астанасына ұшады. Варшавада 14 сәуір күні таңғы сағат 09:30 шамасында болуы тиіс.

Мрия ұшағы 1988 жылы Киевте жасалған. Әлемде мұндай ұшақ әзірге біреу-ақ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұшақ