Қазақстанда тағы 88 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 88 адам тiркелді, Алматы қаласында – 75 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 4 адам, Шымкент қаласы – 1, Атырау облысы – 1, Түркістан облысы - 3, Қарағанды облысы – 1", - делінген хабарламада. ⠀
Осылайша коронавирус жұқтырғандардың саны 1179 адамға жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы – 264, Алматы қаласы – 346, Шымкент қаласы – 38, Ақмола облысы – 73, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 22, Атырау облысы – 63, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Жамбыл облысы – 49, Батыс Қазақстан облысы – 11, Қарағанды облысы – 78, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 119, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 10, Солтүстік Қазақстан облысы – 26, Түркістан облысы – 47.Соңғы мәлімет бойынша 14 адам қайтыс болып, 138 адам жазылып шықты.