$ 443.44  480.51  4.88

Қостанай облысында жалған құжат рәсімдеген шаруа қожалығының басшысы сотталды

Тауарлар нақты жерге жеткізілмеген.
фото: kst.sud.kz
фото: kst.sud.kz

Қостанай облысында жалған қаржы құжаттарын рәсімдеген шаруа қожалығының басшысы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

 2020 жылдың ақпан айында облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тергеу әрекеттерін жүргізу барысында «Мақсат» шаруа қожалығында жалған бухгалтерлік құжаттар рәсімделгенін анықтаған. 

«Шаруа қожалығының басшысы өзінің атынан 3-сыныпты бидай мен зығыр жеткізгені үшін «Алтын Арна 2015» ЖШС-не 679 250 000 теңге сомасына жалған шот-фактуралар жазып отырған. Нәтижесінде 3 625 000 теңге сомасына пайыздық сыйақыға ие болған. Алайда, тауарлар нақты жерге жеткізілмеген. Тексеру барысында «Мақсат» ШҚ басшысынан бастапқы бухгалтерлік құжаттар, ақша қаражаты және басқа да заттар тәркіленді», - делінген баспасөз хабарламасында. 

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен «Мақсат» ШҚ басшысы ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 216-бабының 3-бөлігі бойынша сотталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін оған шартты түрде 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары