14.04.2020, 18:20

Алматыда көшеде жүруге арналған өтінім жіберуге жаңа сайт іске қосылды

Тұяқбаевтың айтуынша, заң бұзушылықтар болған жағдайда ұйым басшылары жеке жауапкершілікке тартырады.

Оңтүстік астанада карантиндік режим кезінде мегаполис аумағында жүруге рұқсат етілген барлық ұйымдар мен олардың қызметкерлерінің базасы жиналатын жаңа сайт іске қосылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, жаңа сайт тек полицияның ғана емес, Алматы тұрғындарының да өмірін жеңілдетеді. Мәселен, карантин кезінде жұмыс істеуге рұқсат етілген кәсіпорындар қала ішінде жүріп-тұруға өтініш бере алады. Тұяқбаев қызметін қалпына келтіруге әлі рұқсат етілмеген ұйымдардың өтінімдері қаралмайтынын атап өтті.

Билік, сондай-ақ, рұқсат етілген кәсіпорындардың қызметкерлер саны іс жүзінде жұмыс істейтін қызметкерлерден көп болса, олардың өтінімдерін қабылдамайды. Айта кету керек, әкімдікте жұмысшылар саны туралы мәліметтер бар. Тұяқбаевтың айтуынша, заң бұзушылықтар болған жағдайда ұйым басшылары жеке жауапкершілікке тартырады.

Айта кету керек, мегаполис айналасында жүре алатын көліктер мен қызметкерлердің тізімдерін құру әлі толық аяқталған жоқ. Билік өтініштерді 16 сәуірдің түн ортасына дейін қабылдайды. Сонымен, жүріп-тұруға рұқсатыңыздың бар-жоғын білу үшін infoalmaty.kz сайтына кіріп, сәйкестендіру нөмірлерін: жеке кәсіпкерлер үшін ЖСН, кәсіпорындар үшін БСН енгізу қажет. Бұл бағдарлама қызметкерлердің қалада жүруіне рұқсат етілгенін не етілмегенін анықтайтын арнайы алгоритмдер негізінде жасалған. Егер жауап оң болса, онда кәсіпорын басшысы өз қызметкерлері мен көлік құралдарын тіркей алады.

Өтінішті толтыру үшін ЭЦҚ болу керек. Қызметкерлер туралы барлық енгізілген ақпараттар жедел штабқа тексеріс үшін жіберіледі. 

Тегтер: карантин