$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл ойыншық емес»: мамандар «науқастардың аты-жөні аталмай, сенбейміз» дегендерге жауап берді

Ал эпидемилог мамандардың сөзінше, медициналық мамандарға қарапайым бетперденің өзі уақтылы берілуі керек.

Бүгінгі күннің басты ақпараты - ол Алматыда екі тәулік ішінде коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері санының күрт артуы. Біздегі соңғы деректер бойынша короновирус анықталған ақ халаттылардың саны 48-ге жеткен. Өкініштісі сол, мамандар бұл санақ тағы артуы мүмкін деп отыр.

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды. 

Алматы қалалық №12-ауруханасының коронавирус жұқтырған медициналық қызметкері аты-жөнін атамай, сұхбат берді. 

"Біздің ауруханада 12 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Солармен байланыста болғаны үшін бізді карантинге жапты. Карантинде демалып жатырмыз, антибиотик, вирусқа қарсы дәрілер алып жатырмыз. Аздап жөтеліміз бар.Терең жөтелсең, өкпеге ауыр салмақ түседі. Осы вирусты сезінбей жүрген жандарға айтарымыз, бұл ойыншық емес. Сақтық шараларын жасамай жүрген азаматтар өзін ойламаса да, өзгені ойлауы керек", - деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша,  медицина мамандарының 10 пайызы вирус жұқтырса, бұл дабыл қағатын мәселе. Ал, біздің елде Нұрсұлтан қаласында 21 пайыз, Алматы қаласында 27 пайызға жеткен екен. 

Ал эпидемилог мамандардың сөзінше, медициналық мамандарға қарапайым бетперденің өзі уақтылы берілуі керек.

"Дәрігерлердің вирус жұқтыруы масканың тапшылыған болды дегенге сене алмаймын. Бұндай қатер кезінде мамандарға бірінші кезекте маска берілуі керек. Оның өзі толық сақтандырады деген сөз емес. Маскадан бөлек толығымен денені жабатын, сақтандыру костюмдері берілуі керек. Ондай ауруханаларға бар деп ойлаймын, - деді эпидемиолог Сәкен Әмреев. 

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы дәрігерлер мен науқастардың жағдайы туралы айтты.

"Алматы қаласындағы 12-ауруханадан 32 адамның вирус жұқтырғанын анықтадық. Ауырған әріптестеріміздің бәрі жұқпалы ауруханаларда жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Олардың ішінде екі жүкті әйел бар. Олар тиіс ем қабылдап жатыр. Ал, медицина қызметкерлері салғырттығының салдарынан ауру жұқтырған деген әңгіме дұрыс емес деп ойлаймын. Дәрігерлердің бәрі бірінші кезекте өз денсаулығын, өз өмірін ойлайды. Сондықтан сақтық шараларын сақтайды деп ойлаймын. Дәрігерлер үш топқа бөлініп, олардың жалақысына үстемеақы төленеді. Ал, коронавирусқа шалдыққан науқастармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлерге 2 млн теңге беріледі. Оны комиссия шешеді", - деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Ал, заңгер Мұратқожа Әмитов науқастардың аты-жөнін жасырмай, жариялау керек деп есептейді. 

"Ешкімнің аты-жөнін жарияламағандықтан адамдар сенбей жатқан секілді. Мәселен, біреудің танысының есімі жария болса, ол өзі үшін онымен жақын қатынастан сақтанады. Бәрі солай етер еді. Адамның аты-жөнін жасыратындай ол ұят нәрсе емес немесе әдейі жұқтырмаған", - деді заңгер.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус